Жаңалықтар

Шымкентте адам өлтірген күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды

caspianlife.kz

Қасақана адам өлтірген топтың бір мүшесі іздестірілуде

Шымкентте қасақана адам өлтірген топтың бір мүшесіне іздеу жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.

Абай АПБ-ның қызметкерлері 1986 жылы туған Түркістан қаласының тұрғыны Тәжибаев Ерлан Абдуллаұлына халықаралық іздеу жариялады. Ол 2012 жылы қымбат маркалы автокөлікті иемдену үшін таныстарымен алдын ала сөз байласып, Шымкент қаласындағы Темірлан тас жолының бойында бейтаныс ер адамды қасақана кеуде тұсынан атып өлтірген.

«Тәртіп сақшылары аталған жайтты «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған адам өлтіру» бойынша тіркеп, жедел іздестіру жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде, сыбайластардың үшеуі Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларында ұсталып, қамауға алынды. Алайда, Ерлан Тәжибаевқа қатысты жүргізілген іздеу жұмыстары оң нәтиже бермеді. Қазіргі таңда халықаралық іздеу жарияланды», - делінген хабарламада.

Шымкент қаласы Полиция департаменті суреттегі ер адамды көрген-білгендер болса, «102» арнасына немесе 8-7252-97-66-44, 8701-555-28-06, 8775-777-23-05 байланыс нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.