"Мен бөтен емеспін, елге оралған қандаспын": министр Шарлапаев қазақ тілін үйреніп жүргенін айтты
"Мен ана тілімді үйреніп жүрмін. Қазақ тілі сабағына аптасына 5 рет барамын. Мен бөтен адам емеспін. Мен Қазақстанға оралған қандаспын", – деді министр.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қазақ тілін үйреніп жүргенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Тілшінің "қазақ тілін үйреніп жүрсіз бе?" деген сұрағына министр былайша жауап берді:
"Мен ана тілімді үйреніп жүрмін. Қазақ тілі сабағына аптасына 5 рет барамын. Мен бөтен адам емеспін. Мен – Қазақстанға оралған қандаспын", – деді министр.