«Сұлулықтың символы»: Ақбота Сейтмағамбеттің суреті желіде қызу талқыға түсті
Желі қолданушылары актрисаның суретіне қатысты түрлі пікір білдірді
Ақ көйлек киген отандық актриса Ақбота Сейтмағамбеттің желіге жүктеген суреті қызу талқыға түсті, деп хабарлады turkystan.kz.
«Әлемдегі ең нәзік дүниені сұрасаңыз, әйел затының махаббаты дер едім, бағалағанның басына қонған бағы екені анық. Қыз баласы шыр етіп дүниеге келген отбасында, ал есейгенде сыңарын, барған жерінде шаттыққа бөлейді. Осыған қарап-ақ қыздың бұл өмірдегі орны тек қуаныш, махаббат сезіндіру екенін түсіну қиын емес. Дегенмен бір нәрсені де ескерген артық болмас. Су жұмсақ әрі нәзік болсада, тауды қопарады, тырсылдап аққан жұмсақ тамшы да тасты теседі. Оның нәзік қасиетін сақтауға дем берейік, жұмсақ жаны қатаймасын» деп жазды актриса Instagram парақшасында.
Ал желі қолданушылары актрисаның бұл суретіне қатысты түрлі пікір білдірді.
Олар «Аққудай әдемі», «Сұлулықтың символы», «Табиғи сұлулық», «Бақытты ететін ер азамат жолықсын», «Кімнің бақыты болдыңыз?» деген жылы сөздерін жарыса жазды.