Жаңалықтар

Ақтауда әйел мен кәмелетке толмаған қыздың төбелескен видеосы тарады

Видеода әйел мен жасөспірім бір-бірінің шашынан тартқан

Әлеуметтік желіде Ақтауда кәмелетке толмаған қызбен төбелескен әйелдің видеосы тарады, деп хабарлады turkystan.kz.

Lada.kz сайтының мәліметінше, төбелес 34-шағынаудандағы №10 үйдің ауласында болған. Видеода әйел мен жасөспірім бір-бірінің шашынан тартып жатқанын көруге болады. Ал басқа балалар оларды қоршап тұрған.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға 17 қыркүйек күні сағат 18:28 шамасында жасөспірімнің анасы хабарласқан.

Оның айтуынша, көрші әйел мүмкіндігі шектеулі қызын соққыға жыққан.

«Учаскелік инспекторлар деректі растады. Кәмелетке толмаған қызды ұрып-соққан 36 жастағы әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 73-1-бабы 1-бөлігі және 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деді полиция.