Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда комада жатқан қазақ жігітінің әйелі халықтан көмек сұрады

Төрт жыл бұрын Оңтүстік Кореяға жұмысқа кеткен Арман Ахметшаев биыл 4 қыркүйектен бері Тэгу қаласындағы ауруханада комада жатыр.

Қазақстандық аппаратқа таңулы. Сол елдің заңы бойынша науқастың жүрегі өзі тоқтағанша аппараттан ажыратылмайды. Ал оның әр секунды ақылы. Сондықтан Арманның әйелі халықтан  көмек сұрайды, деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы облысы Қарасай ауданы Үштерек ауылында тұратын Бану Жақсылықова шетелде комада жатқан жұбайын санавиациямен елге алдырту үшін шұғыл көмек сұрап отыр.

Оның сөзінше, қазіргі таңда аурухана ақысы 14 күннің ішінде 8 млн теңгеге жеткен. Одан бөлек, әзірге санавиацияның ақысы қанша болатыны белгісіз.