Жаңалықтар

Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет қазақ балуаны еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Фото: www.org

92 келіге дейінгі салмақта белдескен балуанымыз қарсылас қарсылас шақ келтірмеді.

Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында 20 жастағы қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан жеңіске жетті, деп хабарлады turkystan.kz.

92 келіге дейінгі салмақта белдескен балуанымыз қарсылас шақ келтірмеді.

Ол алғашқы айналымда Венгрия спортшысын 13:3 есебімен, 2-кезеңде түркиялық Файзолла Актүрікті 11:0 есебімен жеңді. 

Жартылай финалда Ризабек Айтмұхан грузиялық қарсыласын жеңіп, әлем чемпионатының финалына шықты. 

Ал шешуші кезеңде отандасымыз әзербайжандық Осман Нурмогамедовпен белдесті. Басында қарсыласы басымдық танытқанмен, соңғы минуттарда Ризабек жеңісті жұлып алды. Осылайша Ризабек Айтмұхан тәуелсіз Қазақстан тарихында еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы атанды.