Жаңалықтар

Астанада құрылыс компанияларының басшылары ұсталды

ашық дереккөз

Үлескерлерден 4 млрд теңгеден астам қаражат жинаған компаниялар, шын мәнінде құрылысқа 900 млн теңге жұмсалғаны анықталды.

Астанада алаяқтықпен айналысқан құрылыс компанияларының басшылары ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап. 

Елордада "R-Club" және "R-Club Deluxe" ТҮК үлескер болған бір топ тұрғын прокуратураға арыз берді. Осы шағым негізінде қыркүйек айының басында қылмыстық іс қозғалған.

Үлескерлерден 4 млрд теңгеден астам қаражат жинаған компаниялар, шын мәнінде құрылысқа 900 млн теңге жұмсалғаны анықталды. Оған қоса 2022 жылғы 4-тоқсанда аяқталуға тиіс құрылыс әлі бітпеген.

Құрылыс компанияларының басшылары ұсталып, жедел-тергеу тобы құрылды.

Қазір қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғалар мен олардың активтері анықталып жатыр.