Түркістан облысында ер адам 5 жыл бойы құлдықта болған
Ер адамды 5 жыл бойы мал бағуға мәжбүрлеген.
Түркістан облысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Өзбекстанның 53 жастағы азаматын бес жылдан астам еңбек құлдығында ұстаған шаруа қожалығының басшысын анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.
Ол ер адамның төлқұжатын тартып алып, 2017 жылдан бері ұсақ мал бағуға мәжбүрлеген. Өзбекстан азаматының мал қорада тұрғаны анықталды.
«Жұмыстан бас тартқан кезде оған физикалық және психологиялық қысым жасалған. Қылмыстық кодекстің 126-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Зардап шегуші оңалту және көмек көрсету үшін дағдарыс орталығына жіберілді», - делінген otyrar.kz сайтының хабарламасында.