Жаңалықтар

Астанада банк бөлімшесіне шабуылдаған ер адамға сот үкімі шықты

informburo.kz

Соттың шешімімен ер адам бас бостандығынан айырылды

Астанада банк қызметкерлерін тұтқынға алған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Соттың шешімімен Әлихан Мурадов 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетсек, биыл 18 маусымда Kaspi Bank-тің Астанадағы бөлімшесінде ер адам бірнеше қызметкерді кепілге алғаны туралы хабарлаған едік.