Актриса Жанель Мақажан үшінші сәбиін дүниеге әкелді
Сүйінші хабарды Жанель Мақажанның жұбайы жеткізді
Отандық актриса Жанель Мақажан үшінші сәбиін дүниеге әкелді. Сүйінші хабарды оның қазіргі жұбайы Абай Асылхан Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.
Абай Асылхан перзентханада түсірген видеодан жаңа туған сәбидің үнін естуге болады.
«Далаға шығып, таза ауа жұтып отырмын. Бүгінгі күніміз жүгіріспен өтті. Өзім босанғандай болдым. Өйткені, босану кезінде серіктес болдым. Жанельдің де, баланың да жағдайы жақсы. Құттықтап жатқан достарым, бауырларыма рахмет. Сіздерге де осындай бақытты нәсіп етсін», - деді Абай Асылхан.
Айта кетсек, бұл Жанель Мақажанның екінші некесі. Оның бірінші некеден 2 баласы бар.