Алмат Кебіспаевқа Алматыда бес баланың әкесін соққыға жықты деген айып тағылды (ВИДЕО)
Грек-рим күресінен Қазақстан чемпионы Алмат Кебіспаев сауда үйінде төбелес шығарған.
Грек-рим күресінен Қазақстан чемпионы Алмат Кебіспаевқа Алматыдағы сауда үйінде төбелес шығарды деген айып тағылды, деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде 35 жастағы Алмат Кебіспаев Алматыда балалар дауласып қалғаннан кейін ер адамды ұрғаны туралы ақпарат тарады.
Оқиға 6 қыркүйекте «Атакент» орталығында болған. Зардап шекен адамның қызы сол күні туған күнін атап өтіп жатқан. Ол жақта қызынан бөлек тағы 4 баласы болыпты.
Бір кезде ер адамның балаларына бір әйел келіп, шағым айтқан. Әйелдің айтуынша, ер адамның ұл-қыздары оның балаларына ойыншық лақтырған. Артынша қыздың әкесіне екі ер адам келіп, бірі соққы жасаған. Ұрған Алмат Кебіспаев болып шықты.
Айта кетейік, Кебіспаев 2022 жылдың қаңтар айынан бері грек-рим күресінен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері.