Жаңалықтар

Нұрлан имам баспаналы болды (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желі арқылы уағыз айтып, көптің жүрегін жаулаған имам Нұрлан Байжігітұлы үйлі болды.

Бұл жайлы batyr_bloger Instagram парақшасында видео жариялады. Онда журналист Ләйлә Сұлтанқызының Нұрлан имамның үйіне шашу шашып, кіргенін көруге болады.

«Нұрлан имамның үйіне шашу. Қоныс құтты болсын. Үйіңіз берекелі болсын» деп жазды блогер.

Жуырда танымал имам үйі жоғын ашық айтқан болатын, алайда үй ұсынғандардан бас тартқанын да жасырмаған еді.