Жаңалықтар

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 млн істің құпиясы ашылды

фото: profcentre.kz

Қазақстанда 1929-1956 жылдар аралығындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 миллионнан астам мұрағат карточкаларының құпиясы ашылды.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

251 мың арнайы қоныс аударылғандардың ісі Президент Мұрағатына өткізілді, кейіннен олар мүдделі тұлғаларға қолжетімді болады.

265 мың іс жыл соңына дейін сонда өткізіледі.

311 мың адам мәжбүрлі, арнайы қоныс аударылғандар және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар ақталды.