Алматы облысында жас жігітті соққыға жыққан 5 адам ұсталды
Істің негізгі қатысушылары УҰИ-ға қамаққа алынды.
10 қыркүйекте сағат 02:30 шамасында Талғар қаласындағы жанармай құю станциясының бірінде белгісіз тұлғалар себепсіз 1999 жылғы азаматқа дене жарақатын салған, деп хабарлады turkystan.kz Алматы облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аталған дерек ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша Талғар ауданы ПБ-да тіркелді.
«15 қыркүйекте жедел іздестіру шараларын өткізу барысында Алматы облысы ПД, ҰҚКБ қызметкерлері 1998, 1999 және 2000 жылғы бес күдіктіні ұстады», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ұсталған адамдардың өзге қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Аталған дерек бойынша жан-жақты, толық және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін тергеу іс-шаралары жүргізілуде.