Жаңалықтар

18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

Ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысында 1 градус үсік күтіледі.

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 18 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

Атмосфера фронтальды бөлімдерінің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, найзағаймен жаңбыр жауады, еліміздің батысында қатты жаңбыр. Республика бойынша батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста - екпінді  жел, батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта тұман күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде  төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл, Түркістан облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.