Ақмола облысында жоғары сынып оқушылары 5-сынып оқушысын зорлаған
Ақпаратқа Ақмола облысы бойынша ДП өкілдері түсініктеме берді.
Ақмола облысындағы мектептердің бірінде жантүршігерлік оқиға тіркелді. БАҚ 5-сынып оқушысының зорланғанын хабарлады, деп жазды turkystan.kz Айқынға сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, қылмыс өткен жылы болған. Оның үстіне айыпталушылардың бірі – мектеп мұғалімінің ұлы. Ақмола облысының Полиция департаменті кәмелетке толмаған қызға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
«Бұл оқиға, жәбірлеген тараптың мәліметіне сәйкес, 2022 жылдың маусым айында болған. Қазіргі кезде экспертизаға тапсырыс берілді және оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтерді айта алмаймыз», – деп атап өтті департаменттен.