Саясат

Мемлекет басшысының Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды

Ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Нью-Йорк қаласына барды.

Сапар барысында Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді, сондай-ақ «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Бұдан бөлек, Президент бірқатар мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың және трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.