Спорт

Ақтаудағы спортшының өлімі: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

lada.kz

Марқұмның туыстары басқа өңірдегі мамандардың көмегімен тәуелсіз сараптама жүргізуді талап етті.

Ақтаулық 21 жастағы спортшы Валерия Шалнованың өліміне қатысты тың мәліметтер белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Зардап шеккен тараптың адвокаты Ажар Әбділ ақтаулық спортшы Валерия Шалнова тап болған қайғылы оқиға туралы Facebook-тегі парақшасында жазды.

Адвокаттың қолында адам өлтіру оқиғасы болған шілденің 1-інен 2-сіне қараған түні түсірілген бейнетіркегіштің жазбасы бар екен.

Еске салайық, Ақтауда 2 шілде күні су арнасынан жас қыз Валерия Шалнованың денесі табылған болатын. Ол қоян-қолтық ұрыстан кәсіби түрде жаттыққан және көп жүлдеге ие болып, спорттық жарыстарға қатысқан.

Полиция Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бойынша іс қозғап, кейін оны 119-бапқа - "Қауіпті жағдайда қалдыруға" өзгертті. Кейін құқық қорғау органдары 21 жастағы спортшының өліміне қатысты бапты Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" деп өзгертті. Күдікті қамауға алынды.

18 шілдеде Ақтауда 21 жастағы спортшы Валерия Шалнова жерленді.