Қоғам

Павлодарда мектеп ауласында балаларға тиіскен тұрғын қамауға алынды

Ашық дереккөз

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Павлодардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты мектеп ауласында былапыт сөйлеп және кәмелетке толмаған балаларға тиіскен облыс тұрғынына қатысты істі қарады, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотта тұрғын И. 2023 жылдың 14 қыркүйегінде Кенжекөл орта мектебінің ауласында айналасындағыларды сыйламай, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзғаны, кәмелетке толмаған балалардың мазасын алып, ұсақ бұзақылық жасағаны анықталды.

Сот отырысында күдікті И. кінәсін  толық мойындады. Оның кінәсі учаскелік полиция қызметкерінің баянатымен, куәлардың айғақтарымен дәлелденді.

Сот оны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады.