Қоғам

Алматының қақ ортасында жастар жаппай төбелесті (ВИДЕО)

Видеодан алынған кадр

Полицейлер оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Желіде жастардың жаппай төбелесінің видеосы тарады, деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Видео авторының сөзінше, ұлы мен оның екі досын белгісіз біреулер ұрып-соғып, телефонын тартып алып, бірінің көзіне оқ атқан.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті ҚР Қылмыстық кодексі 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Қазіргі уақытта оқиғаның қатысушыларымен мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары қолға алынды", - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.