Павлодарда сегізінші қабаттан құлаған оқушы мерт болды
Оқиға орнына жеткен ақ халаттылар 2009 жылғы қыздың өлімін тіркеді.
Павлодарда 15 қыркүйек, сағат 21:30-да 14 жастағы қыз биіктіктен құлады. Бұл туралы облыстық жедел жәрдем станциясына шұғыл келіп түскен мәліметтен белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Максим Горький көшесінде орналасқан 10 қабатты үйдің сегізінші қабатынан 2009 жылғы қыз бала құлап, алған жарақаттарынан мерт болды.
Медициналық топ бірінші жеделдік санаты бойынша оқиға орнына аттанды. Фельдшерлер діттеген жерге үш минутта жетті, - делінген облыстық жедел жәрдем станциясының хабарламасында.