Қоғам

Елімізде пойыз билеттері жеңілдікпен сатылады

"Жолаушылар тасымалы" АҚ үш теміржол бағыты бойынша Тальго пойыздарының билеттеріне жеңілдік енгізеді.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ күз айларында бірнеше бағыт бойынша пойыз билеттеріне жеңілдік жасайды, деп хабарлады turkystan.kz ұлттық тасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтар мына пойыздарға арзан билет сатып ала алады:

№79/80 "Астана – Арқалық" - билет құнынан 20% жеңілдік;

№81/82 "Астана – Қостанай" - 30%;

№65/66 "Астана – Жезқазған" - 40%.

Билеттерді жеңілдікпен ресми www.bilet.railways.kz сайтынан және "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады.

Сондай-ақ жолаушылар "Алтын" және "Күміс" жеңілдік карталарын қолдана отырып, жеңілдік мөлшерін 55%-ке дейін арттыра алады.