Жаңалықтар

Еліміздегі телеарналардың хабар тарату қызметінде ақау пайда болды

Фото: kaz.nur.kz

Мемлекеттік телеарналар KazSat-2 жер серігінің резервтік хабар тарату қызметіне қосылған.

KazSat-3 жер серігімен байланысты телеарналардың хабар тарату қызметінде ақау пайда болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұған жерсерікке қатысты штаттан тыс жағдай себеп болып отыр.

Бейресми ақпаратқа сәйкес, мемлекеттік телеарналар KazSat-2 жер серігінің резервтік хабар тарату қызметіне қосылған.

«Кабельдік операторлар желілеріне қосылған телеарналардың ретрансляцияны тоқтатуына олардың KazSat-2 жер серігі арқылы тарайтын мемлекеттік телеарналардың резервтік сигналын қабылдай алмауынан болуы мүмкін», - делінген хабарламада.  

«Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметі де осы жағдайға қатысты түсінік берді.

«Қазтелерадио» АҚ қазақстандық KazSat-3 спутнигіндегі төтенше жағдайға байланысты OtauTV пакеттеріндегі кейбір қазақстандық және шетелдік телеарналар қолжетімді емес деп хабарлайды. Қазіргі уақытта «Қазтелерадио» АҚ Ғарыштық байланыс орталығымен бірлесіп, KazSat-3 функционалдығын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл ретте KazSat-2 желісін пайдаланатын мемлекеттік телеарналар әдеттегідей хабар таратады. Барлық 567 радио-телевизиялық станциялар резервтік KazSat-2 спутнигінен телеарналарды қабылдап, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратады», - деп жазылған хабарламада.