Жаңалықтар

Екі жігіт айыпталып жатыр: Төрткүлдегі оқушы өліміне қатысты сот басталды

Аружан Орынбайды өлтірді деген күдікпен 18 және 19 жастағы екі жігіт айыпталып жатыр.

Төрткүлде өлтірілген оқушының өліміне қатысты сот басталды, деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Түркістан облысында аса қатыгездікпен өлтірілген оқушының өліміне қатысты сот процесі басталды. Аружан Орынбайды өлтірді деген күдікпен 18 және 19 жастағы екі жігіт айыпталып жатыр. Бірі ауылдың экс-әкімінің , екіншісі ауылдың ауқатты азаматының ұлы.


Жаға ұстатарлық жағдай Төрткүл ауылында биыл сәуір айында болған. 9-сыныпта оқитын Аружанды 11 сынып оқушысы мен 19 жастағы ауылдасы жалаңаш фотоңды жариялаймыз деп, миллион теңге талап еткен.

«Фотодағы қыз мен емес, сендерді ағама айтып беремін» дегенде, екі қаскөй 15 жастағы қызды бірнеше мәрте пышақпен ұрып, денесін суға ағызып жіберген.

Сот енді басталғанымен, Аружанның жақындары ауқатты отбасынан шыққан сотталушылар жазадан құтылып кете ме деп уайымдап отыр.