Жаңалықтар

Басына оқ тиген қостанайлық өз үйінің маңынан табылды

Sputnik

Қостанайда басына оқ тиген ер адамды анасы үй маңынан тауып алған.

Қостанайда басына оқ тиген ер адам өз үйінің маңынан табылды, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Амангелді ауылында болған. Таңертеңгі сағат 5-те өз үйінің маңында басына оқ тиіп, ес-түссіз жатқан 35 жастағы ер адамды оның анасы байқап, дереу жедел жәрдем шақырған. Басында пневматикалық оқ бар ер адам ауруханаға жатқызылды.

«Оқиға орнын тексеру кезінде тіркелмеген пневматикалық тапанша табылды. Оны кез келген жерден сатып алуға болады. Мылтық сараптамаға жіберілді. Қазір полиция іс жүргізу үшін мән-жайды тексеріп жатыр», - делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша соталды тергеу жұмыстары басталды.