Жаңалықтар

Жетісу облысында жоғалған үш жасөспірімнің біреуі табылды

polisia.kz

Жетісу облысының полицейлері жасөспірімнің жүрген жерін анықтады

Жетісу облысының полиция қызметкерлері Қаратал ауданында хабарсыз кеткен үш жасөспірімнің біреуін тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, жедел іздестіру шаралары барысында Жетісу облысының полицейлері 3 жасөспірімнің біреуінің жүрген жерін анықтады.

«Полицейлер мен туыстары 8 қыркүйектен бастап іздеп жүрген кәмелетке толмаған Кенжебек Мұқан Алматы қаласында табылды. Полиция жасөспірімді үйге жеткізіп, ата-анасына тапсырды. Баланың анасы полиция қызметкерлеріне оны іздестіруге жәрдемдесіп, үйіне аман-есен оралғаны үшін алғысын білдірді», – делінген хабарламада.

Із-түзсіз кеткен тағы екі жасөспірім – Ақерке Жолдасова мен Әмір Тергеуовке қатысты іздестіру шаралары әлі де жалғасып жатыр.