Жаңалықтар

5 мыңнан астам ақтөбелік оқу курсынан өтті

turkystan.kz

Бү­гінде Ақтөбе облысында «Қа­рызсыз қоғам» жобасы ая­сын­да 5253 ауыл тұрғыны курс оқы­ған.

Биыл «AMANAT» партиясы Halyk Bank-пен бірлесіп, «Қа­рызсыз қоғам» атты ауқым­ды әлеуметтік жобаны іске қос­қан болатын. Бұл жобаға Ақ­­төбе, Алматы, Атырау, Жам­был, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қа­зақстан, Түркістан және Маң­­­­ғыстау облыстары қатысып жа­тыр. Бұл өңірлерде ауыл тұр­ғындарының қаржылық сауат­ты­лығын арттыру көзделген. Бү­гінде Ақтөбе облысында «Қа­рызсыз қоғам» жобасы ая­сын­да 5253 ауыл тұрғыны курс оқы­ған. Жуырда «AMANAT» пар­тия­сы Ақтөбе облыстық филиа­лы­ның кезекті ХХХV конферен­ция­сын­да партияның облыс­тық фи­лиа­лының атқарушы хат­шысы Ер­бол Данағұлов «Қа­­рызсыз қоғам» партиялық жо­басы ауыл тұрғын­дарының не­сиесін өтеп, тұр­мы­сын түзеу­ге септігін тигізіп жат­қанын атап өтті.  Ақтөбе облысында аталған жо­ба аясында 8 мың адамның қар­жылық сауаттылығын арт­тыру көзделген. Бүгінге дейін олар­дың 5 мыңнан астамы атал­ған оқу курсын сәтті аяқта­ған. 

– Қаржылық сауатсыздық – еліміздегі ең өткір мәсе­ле­лер­дің бірі. Осыны ескеріп, биыл  «AMANAT» партиясы Halyk Bank-пен бірлесіп, «Қарызсыз қо­ғам» атты ауқымды әлеумет­тік жо­ба­ны іске қосты. Бұл жо­ба, не­гі­зінен, борышкерлер са­нының кө­беюіне жол бер­меу­ге, несиесі көп тұрғындарға көмектесуге ба­ғытталған. Жоба біздің облы­сы­мызда мамыр айын­да бас­тал­ды. Міне, төрт ай­дың ішінде об­лыстың 5 мың­нан астам ауыл-аймақтарда тұратын тұр­ғыны қар­жылық сауаттылығын арт­тырды. Олар­дың ішінде дені – әйелдер. Бұл курста қатысу­шы­лар бес күн бойы қаржылық са­уат­тылығын арттырып, қа­рыз­­­­дан қалай құ­тылу керегін, не­сие алмау үшін ақшаны қа­лай үнемдеу қажет екенін үй­ре­неді. Дәрістер бес күн бойы ұйым­дастырылады. Қа­тысу­шы­лар мамандардан же­ке кеңестер де ала алады. Курс соңында бар­­­­лық қаты­сушы­ларға серти­фи­каттар та­бысталады, – дейді «Қарызсыз қо­ғам» жобасының Ақ­төбе об­лы­сы бойынша же­тек­шісі Гүл­нара Сейтжаппарова.

Аталған жобаға қатысқан ауыл тұрғындарының бірі – Гау­хар Қуандықова. Ол Хромтау ау­данының орталығында тұра­ды. Отбасында төрт бала тәр­бие­­леп отырған ана – 3-топ мү­­­­гедегі. 

– Мен көпбалалы анамын. Бір балам – екінші топ мүгедегі. «AMANAT» партиясының ұйым­дас­тырған «Қарызсыз қоғам» жобасына қатысып, тегін оқу кур­сынан өттім. Курста қар­жы­лық сауаттылығымды арт­ты­рып, ақшаны қалай үнемдеу, жұм­­сау керегін үйрендім. Жал­пы, біз қаржыны жинаудың, жұм­саудың көп тетіктерінен ха­барсыз екенбіз. Ақшаны та­ба­мыз, бірақ қалай жарату ке­рек екенін білмейміз. Тіпті, курс барысында миллиондап ақша тауып, жеткізе алмай жүрген адам­дар да бар екенін білдік. Сол үшін осындай курстардың өтуі өте маңызды. Курс бары­сын­да тренерлер отбасылық бюд­жетті дұрыс есептеу, киім-ке­шекке, тамаққа, басқа да қа­жет­тіліктерге қаржыны қалай тиім­ді жұмсау керегін түсін­дір­ді. Бір сөзбен айтқанда, осындай жо­баға қатысқаныма өте қуа­ныш­тымын, – дейді көпбалалы ана.

«Қарызсыз қоғам» жо­ба­сы­на қатысып, сертификат алған­нан кейін Гаухар Қуандықова же­ке кәсіп ашуға бел буыпты. Осы­лайша, ол мемлекеттік қол­дауға ие болып, жалпы мөлшері 1 миллион 380 мың теңге грант ұтып алған. Қазір көпбалалы ана тігін машинасын сатып алып, үйінен құрақ көрпе, басқа да қолөнер бұйымдарын тігіп отыр. Алдағы уақытта ауыл тұр­ғындарынан тапсырыс қабыл­дап, өз кәсібін дамытуды жос­пар­лауда. «AMANAT» партиясы Хром­тау аудандық филиалының ат­қарушы хатшысы Майра Бал­қыбаеваның айтуынша, бұл ау­данда «Қарызсыз қоғам» жо­ба­сына 800 тұрғын қатысқан. Жоба үш айда ауданда толық жү­зеге асырылып, аяқталған.

— Қазір ауданымызда осы жо­баға қатысқандардың ара­сын­да 4 адам грант ұтып алып, же­ке кәсібін бастап отыр. Олар­дың қатарында жұмыссыз, мүм­кіндігі шектеулі және көп­ба­лалы аналар бар. Жалпы, бұл жобаның маңыздылығы сол, кез келген ауыл тұрғыны қар­жы­лық сауат­тылығын артты­рып қана қой­май, соның не­гі­зінде жеке кәсіп ашуға мүм­кін­дік алады, – дейді Майра Бал­қы­баева.

Айта кету керек, аталған жо­­ба Ақтөбе облысында жыл соңы­­на дейін жалғасады.