Жаңалықтар

Апалы-сіңлінің жағдайын халыққа жеткізген сыныптасына үй берілді (ВИДЕО)

фото: видео скриншот

Бұл туралы блогер Ильяс Сариев Instagram парақшасында хабарлады.

Түркістан облысында ұзақ уақыт бойы ағасының малын баққан апалы-сіңлі Құндыз бен Назгүл жайлы халыққа бірінші жеткізген сыныптасына үй берілді. 

Қыздардың жағдайын айтып, халықтан көмек сұраған сыныптасы Пернебекке «Елге көмек» қайырымдылық қоры баспана кілтін табыс етті.