Таиланд Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режимін енгізеді
Ұзақ сапарлар үшін тиісті визаны ресімдеу қажет
Қазақстандықтар Таиландта 30 күнге дейін визасыз бола алады, деп хабарлады turkystan.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Екіжақты ынтымақтастықты нығайту және туризмді дамыту мақсатында Таиланд Корольдігінің Үкіметі 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 29 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін уақытша визасыз режимін енгізеді.
Қазақстандықтар Таиландта 30 күнге дейін визасыз бола алады. Ұзақ сапарлар үшін тиісті визаны ресімдеу қажет.
Жарамды жол жүру құжаты ҚР азаматының паспорты болып танылады, оның қолданылу мерзімі шекараны өту кезінде 6 айдан асуы тиіс.