Жаңалықтар

17 букмекерлік кеңсе лицензияларын тапсырды

6 букмекерлік кеңсе өз еркімен жұмысын тоқтатты

Туризм және спорт министрлігінің түсіндіру жұмысының қорытындысы бойынша 17 букмекерлік кеңсе өз еркімен лицензияларын тапсырды, деп хабарлады turkystan.kz.

2023 жылдың басынан 6 букмекерлік кеңсе өз еркімен жұмысын тоқтатты.
 
Бұдан бөлек, ойын бизнесі субъектілерінің лицензияларын сот тәртібімен жою бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Биыл сотқа 14 талап арыз жіберілді, оларды қарау қорытындысы бойынша 6 букмекерлік кеңсе, 5 тотализатор және 1 ойын автомат залы қызметін тоқтатты. Қазір екі букмекерлік кеңсенің лицензиясын жою бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.