Жаңалықтар

Павлодарда жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан екі қызды көлік қағып кетті

pexels.com

Екеуі де медициналық көмекке жүгінген

Павлодарда екі қызды көлік қағып кетті, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 13 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында Торайғыров-Бұқар жырау көшелерінің қиылысында болған. Жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан екі қызды Lada Granta көлігі қағып кеткен. Салдарынан жарақат алған тұрғындарды жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға жеткізді. Көлік айып тұрағына қойылды. Тергеу жүргізілуде.

«Сағат 20:06 уақытында шақырту түсті. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына алты минутта жетті. 2000 жылғы қыз №1 қалалық ауруханаға, 2005 жылы туған қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», – деді жедел жәрдем станциясында.

Облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, 2005 жылғы қызда бас миының шайқалуы, желке аймағының гематомасы, тізе жарақаты тіркелді.

Кәмелеттік жасқа толмаған зардап шегуші облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылған.