Жаңалықтар

ШҚО үлескерлерінен 600 млрд теңге жинаған фирма басшысы қамауға алынды

фото: ашық дереккөз

ШҚО-да ЖШС басшылығы үлескерлерден заңсыз ақша жинады деген күдікпен тергеліп жатыр.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, қылмыстық істі тергеу барысында ЖШС-нің лауазымды қызметкерлері 2021-2023 жылдар аралығында үлескерлердің ақшалай қаражатын тартуға рұқсаты болмай, пәтерлерді ерте кезеңде броньдау арқылы азаматтарды үлестік құрылысқа белсенді тартқаны анықталды.

Халықтың сенімін асыра пайдаланып, оларды алдау арқылы 606,5 млн теңге сомасында ақша қаражатын иемденді.

Қазір тараптардың қосымша келісімдер жасасуы арқылы пәтерлерді алдын ала броньдау шарттары тоқтатылды, құрылыс жұмыстары жүзеге асырылмайды.Сот шешімімен ЖШС-нің құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға лицензияның қолданылуы тоқтатылды.

«ЖШС жетекшісіне соттың санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасуда.ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратылуға жатпайды», – делінген хабарламада.