Жаңалықтар

Ана туралы ән айтқан Садраддин он екі мың адамның алдында көз жасына ерік берді

Фото: ашық дереккөз

Садраддиннің жеке концертін тамашалауға он екі мың адам жиналды.

Жас әнші Садраддин Болат өзінің жеке концертін өткізді, деп жазды turkystan.kz.

Жанды дауысты ән салған ол ана туралы ән орындап жатып көз жасына ерік берді. Кейін көрермендерден кешірім сұрады.

«Кішкентайымнан мені қолдаған адам – анам. Ол кісі қазір сахнада. Мама, бәрі жақсы», - деді әнші.

Айта кетейік, Садраддиннің Алматыда өткен жеке концертін тамашалауға он екі мың адам жиналды.