Мемлекет басшысы ертең жұмыс сапарымен Тәжікстанға барады

13 қыркүйек, 2023 / Эльмира Ағабек
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-15 қыркүйекте Тәжікстанға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Сапар аясында Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады» деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Тэгтер:

Мемлекет басшысы Тәжікстан