Жаңалықтар

2 жасар бүлдіршін екпеге арналған 8 инені жұтып қойған

Дәрігерлер операция жасап, ағзасынан инелерді алып шықты.

Перуде 2 жасар бүлдіршін екпеге арналған 8 инені жұтып қойып, ауруханаға түсті, деп хабарлады turkystan.kz.

Дәрігерлер сәбиге бірден операция жасап, ағзасындағы инелерді алып шықты.

«Хабар 24» сайтының мәліметінше, бөбек анасы жұмыс істейтін фермада ойнап жүріп, ветеринарлық инелерді тауып алған.

Дәрігерлер баланың жылдам оңалып жатқанын айтады. Дегенмен ол бірнеше күн бақылауда болады.