Қар аралас жаңбыр, жел: алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы
Таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады.
Қазақстанның басым бөлігінде алдағы күндері жел соғып, күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 14-15 қыркүйек күндері солтүстікте, 15-16 қыркүйекте батыста, 16 қыркүйекте еліміздің солтүстік-батысында толассыз жаңбыр жауады.
«Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнгі уақытта қар аралас жаңбыр жауады деп болжануда», - делінген хабарламада.
Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы түнде 3-10, күндіз 13-20 градус, оңтүстігінде түнде 7-15, күндіз 18-25 градус жылы болады деп күтілуде.