Жаңалықтар

Алматы тұрғындарына 65 млн теңге шығын келтірген күдікті ұсталды

polisia.kz

55 жастағы О. есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды

Аса ірі көлемде бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен Түркістан облысының 55 жастағы тумасы ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

5 жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 65 млн теңгені құрады.

Полицейлердің мәліметінше, 55 жастағы О.есімді азамат ұсталып, ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Тергеу барысында ер адамның бейтаныс адамдардың сеніміне кіріп, Алматы қаласының кез келген ауданында жер телімдерін, жылжымайтын мүлікті тіркеуге, заңдастыруға және жер теліміне мемлекеттік актілерді алып беремін деп ұсыныс жасағаны анықталды. Күдікті бастапқы төлемді алып, содан кейін клиенттің ақшасымен жоғалып кетті. Қазіргі уақытта біздің бөлімшеге бес адам арызбен жүгінді», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Полиция қызметкерлері күдіктінің қаланың басқа аудандарында да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері азаматтарды күдіктіні таныған жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 8-705-555-77-63 және 8-778-591-91-35.