Жаңалықтар

220 мыңнан астам педагог жалақысына қосымша ақы алады

aqmeshit-zhastary.kz

Қазақстанда 350 мыңнан астам педагог жұмыс істейді.

Қазақстанда 220 мыңнан астам педагог жалақысына 50%- ға дейін қосымша ақы алады, деп хабарлады turkystan.kz.

Елімізде 350 мыңнан астам педагог жұмыс істейді. Олардың 220 мыңнан астамы аттестация қорытындысымен тағайындалған біліктілік санаты үшін жалақысына қосымша ақы алады.

«Мысалы, педагог-шеберге 50%, педагог- зерттеушіге 40%, педагог-сарапшыға 35%, педагог-модераторға 30% қосымша ақы төленеді. Елімізде барлығы 73 820 педагог-модератор, 81 168 сарапшы, 71 141 зерттеуші, 3482 шебер бар», - делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 4 жыл ішінде педагогтердің жалақысы 100%-ға, яғни, екі есеге артты. Сондай-ақ 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру педагогтерінің еңбекақысы 30%-ға көбейтілді.