"ҚазМұнайГаз" қарамағына тағы бір компания өтті
"ҚазМұнайГаз" геологиялық барлау жұмысымен айналысатын Karaton Operating Ltd компаниясын иеленді
"ҚазМұнайГаз" геологиялық барлау жұмысымен айналысатын Karaton Operating Ltd компаниясын иеленді, деп хабарлайды turkystan.kz kase.kz-ке сілтеме жасап.
АХҚО мәліметіне сүйенсек, бұл фирманың құрылтайшысы – Нұрлан Қонысов.
Ол бұған дейін "ҚазМұнайГазда" Геология және барлау департаментінің директоры болып жұмыс істеген, қызметінен 2023 жылғы 5 қыркүйекте кеткен.