Геннадий Головкин желтоқсанда Астанада қоштасу жекпе-жегін өткізуі мүмкін

12 қыркүйек, 2023 / Эльмира Ағабек
Фото: ашық дереккөз
Бокстан қазақстандық бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин желтоқсанда Астанада қоштасу жекпе-жегін өткізуі мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, қоштасу жекпе-жегі Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсанда Астанада өтуі мүмкін.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының Солтүстік Ирландияға қарсы ойында қазақстандық жанкүйерлер Геннадий Головкиннен соңғы жекпе-жегін Қазақстанда өткізуін өтінді.

 

Тэгтер:

Головкин жекпе-жек