Шымкенттің шағын аударындағы жолдарға жөндеу жүргізілді

12 қыркүйек, 2023 / Túrkіstan International Political Weekly
ашық дереккөзі
Шымкенттің шағын аударындағы жолдарға жөндеу жүргізілді

18 тамыз күні Шымкент қаласы Еңбекші аудандық партия филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесіне Достық шағын ауданының тұрғыны  Қайрат Ақпанберді  келіп, тозығы жеткен жолдардың мәселесі бойынша жүгінді. Ол жөндеу жұмыстарын жүргізу керегін айтып, өтініш білдірді. Өз кезегінде, филиалдың Атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова аталған мәселені басшылыққа алып, аудан әкімі Досбол Есілбекке жолдады. 1 қыркүйекте мәселе оң шешімін тауып, жергілікті әкімдік тарапынан тұрғындарға жаңадан жол салынды.

Тэгтер:

Жаңалықтар