Жаңалықтар

Атырауда достарымен бірге балық аулауға кеткен ер адам табылмай жатыр

ашық дереккөзі

Атырауда достарымен бірге балық аулауға кеткен ер адам табылмай жатыр

Атырауда достарымен бірге балық аулауға кеткен ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 1987 жылы туған Ербол Құсайыновтың жақындары 10 қыркүйек күні оның достарымен бірге балық аулауға кетіп, үйге оралмағанын хабарлаған. «Бүгін үшінші күн Атырау облысында құзырлы органдар жоғалған азаматты іздеу жұмыстарын жүргізуде. Полиция департменті, Төтенше жағдайлар департаменті және Ұлттық ұланның 80 сарбазы мен кинология бөліністері және сүңгуірлер іздеу жұмыстарына жұмылдырылған», - делінген хабарламада. Құзырлы органдар әлеуметтік желіде түрлі алып-қашпа ақпараттарды таратпауға және нақты жоғалған азаматқа қатысты деректер болса 102 операторына хабарлауды сұрайды.