«AMANAT» партиясында банкроттық туралы заңды өзгертуді ұсынды
«AMANAT» партиясында банкроттық туралы заңды өзгертуді ұсынды
«AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев пен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен өткен «Қарызсыз қоғам» жобасының аясын кеңейту жөніндегі кеңесте жастардың қаржылық сауатын арттыру туралы сөз болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Halyk Bank-пен бірлесіп іске асырылып жатқан халықтың қаржылық сауатын арттыру жөніндегі «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасын қолдағаны белгілі. Енді «AMANAT» Үкіметпен бірлесіп оны бүкіл ел аумағында кеңейту бойынша жұмысты бастады.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қаржы қызметтері мен жаңа цифрлық технологиялар қарқынды дамып жатқан қазіргі жағдайында халықтың қаржылық сауаттылығы мәселелері оларды өзектендіруді талап ететінін атап өтті.
«Бұл бағытта Мемлекет басшысы азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын жүйелі түрде арттыру міндетін қойды. Осы жылдың сәуір айынан бастап барлық жоғары оқу орындарында «Қаржылық сауаттылық» курсы бойынша дәріс сабақтары өткізіледі. Дәрістер барысында осы бастаманың өзектілігі, атап айтқанда, студенттердің несие алуының көбеюі, жеке қаржыны басқару дағдыларының болмауы анықталды. Сондықтан біз осы пәнді білім беру бағдарламасына енгізу туралы шешім қабылдадық», - деп атап өтті Саясат Нұрбек.
Өз кезегінде студенттердің құқықтары жөніндегі уәкіл Айсұлу Ерниязова жақын арада жоғары оқу орындары студенттері арасында сауаттылықты арттырумен өңірлік студенттік омбудсмендер айналысатынын айтты.
Сондай-ақ Кеңеске ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Narxoz университетінің өкілдері мен сарапшылар қатысты.
Еске сала кетейік, бұған дейін «AMANAT» партиясы Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасының басталғанын жариялап, тиісті меморандумға қол қойған болатын. Жобаны Halyk Bank қаржыландырады. Жобаның басты мақсаты – азаматтардың қаржылық сауатын арттыру. Биыл «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 60 мыңға жуық адам оқудан өте алады. Курсқа жазылу үшін тұрғылықты жері бойынша «AMANAT» партиясының аудандық филиалына хабарласу қажет. Тыңдаушылардың жаңа тобына арналған сабақ биыл 29 мамырда басталады. Жобаға қатысушылар күндізгі форматта сауатын арттырып, бір топта 50 адамға дейін оқытылады. Дәрістің ұзақтығы – 5 жұмыс күні.