Жаңалықтар

Мәслихат депутаты ауыл тұрғындарының мәселесін шешіп берді

ашық дереккөзі

Мәслихат депутаты ауыл тұрғындарының мәселесін шешіп берді

Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау науқанында кандидаттар өңірлердегі халықпен кездескен болатын. Сол кездесуде Маңғыстау облысы Рахат ауылы Мерей шағын ауданының тұрғындары қоғамдық көлік жетіспейтінін айтып, көмек сұраған еді. Аталған өтініштер қалалық мәслихат депутаттарына жолданып, орындалуын басшылыққа алуы тапсырылды. Нәтижесінде, «АMANAT» партиясының мүшесі, Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаты Раушан Жапарова тиісті шаралар қабылдап, Рахат ауылында жолаушыларды тасымалдайтын үш автобус қолданысқа берілді.