Б.Римова атындағы қазақ драма театры Астанаға гастрольдік сапармен келеді

12 қыркүйек, 2023 / Дана Ізтілеуова
ашық дереккөзі
Б.Римова атындағы қазақ драма театры Астанаға гастрольдік сапармен келеді Жетісу облыстық Б.Римова атындағы Талдықорған қазақ драма театры Астанаға гастрольдік сапармен келеді. Театр ұжымы Қазақстанның Халық әртісі,​ Бикен Римованың 100 жылдығы аясында 18-19 қыркүйек күндері елордадағы Жастар театрында астаналық көрермен назарына екі спектакль ұсынады. 18 қыркүйек «Қос мұңлық» спектаклінде бүгігі қарттардың кейіпі бейнеленеді. Актерлар жастар арасында маскүнемдік, нашақорлық індеті асқындап, ата-ана алдындағы перзенттік парыздарын ұмытып, қатыгездікке салынуға не себеп болғанын айқындайтын қойылымды сахналайды. Ал 19  қыркүйек күні «Мұғалім» спектаклі көрерменге жол тартады. Мұнда үйдегі әке-шеше, ата-әже беретін тәрбиеден баланың қабылдауға тиіс қажеттіліктерінен бөлек, мектепке бала сауатын ашып, тәртіпке мойын бұруға септігін тигізетін ұстаз бейнесі сомдалады.