Жаңалықтар

Еліміздің қай өңірлерінде тұрғын үй бағасы қымбаттады?

ашық дереккөзі

Еліміздің қай өңірлерінде тұрғын үй бағасы қымбаттады?

Қазақстанда соңғы бір жылда жаңа тұрғын үйлердің бағасы 4,4% өсті. Ал екінші нарықтағы пәтерлердің бағасы 2,9% төмендеді, деп хабарлады turkystan.kz. Бұдан бөлек, тұрғын үйді жалға алу төлемі тамызда 17% артты. Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтау – 18%, Семей – 16%, Павлодар 15,5%  қымбаттады. Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімінің көшбасында Семей (25,3%), Ақтөбе (22,5%), Қызылорда (15,5%) қалалары, тұрғын үйді жалға беру нарығында – Көкшетау (37,9%), Қонаев (36,1%), Ақтөбе (34,7%) қалалары тұр. «Бір айдың ішінде жаңа тұрғын үй бағасы өзгеріссіз қалды. Пәтерлерді қайта сату 1,8% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі шілдемен салыстырғанда тамызда 2,3% өсті», - делінген хабарламада. Тұрғын үй бойынша мәміле жасасу көрсеткіші жыл басынан бері ең жоғары көрсеткішке жетіп, 2023 жылғы тамызда 38 810-ға жетті. Оның ішінде жеке үйлер бойынша 10 141 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 28 669 мәміле жасалды. 2023 жылдың шілдесімен салыстырғанда (34 225) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 13,4%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша Астана (6 679 – 18%) және Алматы (5 928 – 15,3%) қалалары, сонымен қатар,  Қарағанды облысы (3 705 – 9,5%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 410 бірлік (1,1%).