Жаңалықтар

Қазақстандықтар мінген ұшақ Ресейге шұғыл қонды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Қазақстандықтар мінген ұшақ Ресейге шұғыл қонды (ВИДЕО)

Сочи-Омбы бағытындағы жолаушылар ұшағы Ресейдің Новосібір облысындағы егістік алқабына шұғыл қонды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады РИА Новости басылымы. «Жолаушылар ұшағы Убинск ауданындағы егістікке қонды. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Ақпарат анықталып жатыр», – делінген ақпаратта. Новосібір облысы бойынша, Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік басқарманың мәліметінше, ұшақ бортында 170 адам болған, оның ішінде 159 жолаушы, 23-і бала мен 6 экипаж мүшесі. Baza telegram арнасының хабарлауынша, ұшақ бортында 4 Қазақстан азаматы болған. Қазір барлық жолаушы жергілікті демалыс орталығына уақытша орналастырылды. Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценконың айтуынша, оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Көлік прокуратурасы тергеуді бастады. Тергеу комитеті жұмыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.