«Ұлы дала жорығы»: Алтыншы кезеңде Қостанай облысының құрамасы жеңімпаз атанды
«Ұлы дала жорығы»: Алтыншы кезеңде Қостанай облысының құрамасы жеңімпаз атанды
Кеше «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің алтыншы кезеңі аяқталды. Таңғы 7:00-де 14 команда Алаша хан кесенесінен Жезқазған маңындағы Талап ауылына жолға шықты. Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің белгіленген 100 шақырымын бағындырып, алтыншы кезең мәресі Талап ауылына дейін жүріп өтті. Осылайша, шабандоздар 6 күн ішінде жалпы 550 шақырымды еңсерді.
Алтыншы кезең қорытындысы бойынша, Қостанай облысының командасы жеңімпаз атанды. Бұл жолы ақтөбелік шабандоздар мәре сызығына екінші болып келсе, Маңғыстау облысының «Көкмойнақ» командасы үшінші болып жетті. Өкінішке қарай, аталмыш кезеңде аттарының жарақат алуына байланысты Қызылорда, Ақмола командалары жарысты тоқтатты.