Қазақстан Азиада ойындарында төртінші орынды сақтап тұр
22 ақпан, 2017 /
Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ
Қазақстан Азиада ойындарында төртінші орынды сақтап тұр
Жапонияның Саппоро қаласында VIII қысқы Азия ойындарының төртінші күні аяқталды.
Үш күннің қорытындысы бойынша командалық есепте 23 медалі (8 алтын, 8 күміс, 7 қола) бар Күншығыс елі көш бастап келеді. Екінші орынға 20 жүлдесімен (6 алтын, 7 күміс, 7 қола) Оңтүстік Корея орналасса, үздік үштікті Қытай спортшылары қорытындылады. Аспанасты елінің қоржынында 5 алтын, 3 күміс, 5 қола болса, төрт күннің қорытындысы бойынша командалық есепте 30 медалі бар (12 алтын, 11 күміс, 7 қола) Оңтүстік Корея алға шықты. Екінші орынға 34 жүлдесімен (10 алтын, 11 күміс, 13 қола) Күншығыс елі сырғыды. Үздік үштікті 16 медалімен (6 алтын, 5 күміс, 5 қола) Қытай спортшылары түйіндеді.
Ал Қазақстан құрамасы бұл рейтингіде әзірге төртінші орнын сақтап тұр. Еншімізде 1 алтын, 2 күміс, 4 қола бар.
Айта кетейік, бүгін трамплиннен секіруден Сергей Ткаченко, шорт-тректен ерлер және қыздар құрамасы бір-бір қола жүлдені жеңіп алд