Жаңалықтар

Жетісу облысында із-түзсіз жоғалған үш жасөспірім іздестіріліп жатыр

ашық дереккөзі

Жетісу облысында із-түзсіз жоғалған үш жасөспірім іздестіріліп жатыр

Жетісу облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған үш жасөспірімді іздеп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, Жетісу облысының полицейлері Қаратал ауданында хабар-ошарсыз кеткен үш жасөспірімді іздестіру жұмыстарын бастады. Облыстық департамент пен аудандық полиция қызметкерлерінің іздестіру топтары еліміздің үш өңірінде – Талдықорған, Алматы қаласы және Алматы облысында іздестіруді жалғастырып жатыр. «15 жастағы Ақерке Жолдасова 6 қыркүйекте жоғалып кетті. Болжам бойынша, мектеп оқушысы кәмелетке толмаған Амир Тергеуовтың жанында (16 жаста, 6 қыркүйекте жоғалып кетті) болуы мүмкін, оның туыстары да оны іздеуге көмектесу үшін полицияға арыз жазды. Мұқан Кенжебек, 17 жаста. 8 қыркүйекте жоғалып кетті. Кәмелетке толмағандардың орналасқан жері әлі анықталған жоқ», - делінген хабарламада. Іздестіру іс-шаралары Жетісу облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының ерекше бақылауында. Хабар-ошарсыз кеткен адамдардың орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда мына телефондарға: 8 /7282/ 608-008, 705-110-5557 немесе «102» нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз.